Дисертация
  • формат doc
  • размер 69,89 КБ
  • добавлен 10 февраля 2012 г.
Мусенова Э.Е. Сот Тергеуi
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. 12.00.09 - қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі. Қазақстан Республикасы, Астана, 2010.
Диссертация сот тергеуі институтының теориялық және тәжірибелік мәселелерін кешенді зерттеу арқылы, сот тергеуінің орны мен мәнін, сот тергеуінде дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеудегі айыптау және қорғау тараптарының белсенділігін, яғни бәсекелестік қағидасының жүзеге асуын, сот іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібі мен ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Сонымен қатар, сот тергеуін ұйымдастыру мен сот іс-әрекеттерін жүргізуге, іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты сот тергеуі институтын реттейтін заңнамаларын әрі қарай жетілдіруге бағытталған тұжырымдармен сипатталады.