• формат pdf
  • размер 3,20 МБ
  • добавлен 03 октября 2016 г.
Байдібек баба алып байтерек. 2003 жыл. Албан руының толық шежіресі
Албан руының толық шежіресі.Албан — қазақ халқын құраған ежелгі ірі тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. 5-6 ғ-да Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тайпасы аталып дулу одағында болған. Қытай деректері бойынша чубань тайпасы 7 ғ-да Тянь-Шань мен Алтайдың арасын мекендеген. Н. Аристов “чубань” дегеніміз дулаттарға туыс Албан және суан тайпалары деген пікір білдіреді. Бұлардың бәріне ортақ таңбасы — дөңгелек. Албан, суан екеуінің атауы да көне түріктік “алп” (“алып”), “суб” (“су”) сөздеріне “ел”, “мекен” мағынасын білдіретін “ан” сөзін қосу арқылы жасалған сыңайлы, яғни “албан” — “Алып тау елі”, “суан” — “Су елі”. Осыған қарағанда Албан, Cуан, Дулат ежелден іргесі бөлінбеген туыстас тайпалар болса керек. Мұны қазақ шежірелері де дәлелдейді. Бұл үш тайпа 5-ғасырдан бүгінге дейін Жетісуды мекен етіп келеді.