Дисертация
  • формат doc
  • размер 35,08 КБ
  • добавлен 08 июля 2012 г.
Махмұтов С.Қ. Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (XX ғ. 20-30-шы жж.)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы). Алматы, 2008, 25 с.
Жұмыста проблемалық, тарихилық, объективтілік, әлеуметтік жүйелеу, талдау, логикалық принциптер мен әдістердің қолданылуы шынайы ақиқатқа жетудің басты шарттары ретінде саналып, еңбекте кең қолданылды. Сонымен қатар қазақ шаруаларына қатысты статистикалық деректер мен құжаттар салыстырмалы түрде сараланып, тақырыптың мазмұнын ашуда объективтік принцип басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
- көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру мәселесінде жер туралы кеңестік мемлекет саясатын пайымдау;
- жаппай ұжымдастыру қарсаңында қазақ шаруаларын отырықшылықтандыруға экономикалық негіздердің жетіспеуін көрсету;
- жаппай отырықшылыққа өтуде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанының қатар жүргізілгенінің зардаптарын айқындау;
- отырықшыландыру науқанына қатысты мемлекеттік және қоғамдық жәрдем деңгейі төмен болуы;
- ауыл шаруашылығындағы күштеу саясаты мен отырықшыландыру науқанының қатар жүргізілуі - бұл мәселедегі кеңестік мемлекеттік саясат;
- отырықшыландыру комитеті және оның қызметі;
- шаруалар үшін жер участоктарының белгіленіп, усадьбалық жоспарлау жұмыстарының барысы;
- отырықшылыққа көшкен халықтың әлеуметтік мәселелерінің шешімін таппағандығы.