Дисертация
  • формат doc
  • размер 362,48 КБ
  • добавлен 16 июня 2012 г.
Нурымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері мен болашағы: тарихи талдау (1991-2008 жж.)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның Авторефераты. 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы). Алматы, 2010, 34 ж.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бүгінгі таңда шетелдерде тұрып жатқан қандастарымыздың тарихи Отаны – Қазақстанға оралу мәселесі мемлекеттік деңгейде қаралып, заңды негіздер жасалынуда. Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап шетелдегі сан миллион қазақтармен мәдени рухани салада байланыс жасауға, олардың атажұртқа оралуына мүмкіндік туғызуға айрықша назар аударылып келеді.
Бүгінгі тақырыпта осы мәселелер мен репатриация процесі кезіндегі туын-даған маңызды мәселелер қамтылады. Репатрианттардың Қазіргі Қазақстандағы саяси, психологиялық және мәдени-рухани мәселелерін жан-жақты жүйелі зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты. Қазақ репатриациясының қажет екенін, оның Қазақстанға жан-жақты тигізер пайдасы бар екеніне ғылыми тұжырымдар арқылы зерделеу. Осы мақсатты іске асыру үшін, мынандай міндеттерді орындауға талпындық