99
ту Якупа Акпаева отослано 26 июня сего года в г. Омск, во вверен-
ную Вам Палату, на имя г. Турлыбаева
4
.
Іргелі оқу орнының ректоры қол қойған хат Омбы сот палата-
сында қызмет істейтін А. Тұрлыбайұлы атына жіберіледі. Ректор Ай-
дарханды жеке тануы да мүмкін, алайда біздің пікірімізше, хабар
Жақыптың мəлімет беруімен жіберілген. Бұл құжат Петербор
университетінде қатар білім алған қазақтың екі біртуар азаматының
дос, аса жақын болғандарын, Жақыптың Омбыға қызметке
Айдарханның тілегімен орнала
сқанд
ығын айғақтайды. Дəл осындай
қамқорлық пен достар арасындағы ниеттестіктің үлгісін біз 1928 ж.
С. Садуақасұлы мен М. Əуезұлы арасында байқаймыз. Смағұл
Ленинградтағы оқуын бітірген Мұхтар досына болашақ қызметке
келетін орнын, тіпті тұратын пəтерін алдын-ала белгілеп береді.
А. Тұрлыбайұлы есімі Омбы архивінің 1917–1920 жж. қатысты
құжаттарында көп кездесті. 1917 ж. ақпан айында патша тақтан
құлағаннан кейін қазақ оқығанд
ар
ы жер-жерде басқосу, түрлі
деңгейде құрылтайлар өткізе бастағаны тарихтан мəлім. Олардың
мақсаты енді қандай тірлік жасаймыз, кімнің етегінен ұстаймыз, əлде
өзіміз дербес автономия жариялаймыз ба деген сұрақтарға жауап
іздеу болды. Осы жылдың 25 сəуір күні Омбы қаласында «Ақмола
облысының қазақ сиезі» деген үлкен жиын өтті. Оған облы
стың
барлық уездері
нен, яғни Омбы, Қызылжар, Көкшетау, Атбасар,
Ақмоладан өкілдер жиналды. Ақмоладан белгілі қайраткер, көрнекті
ақын Олжабай Нұралыұлы, Торғай облысынан Міржақып Дулатұлы
келді. Жиналған қауым сиездің төрағалығына Айдархан Тұрлыбайұлын,
хатшылыққа Асылбек Сейітұлын, Мұхтар Саматұлын, Ермұхамет
Тоқпайұлдарын сайлайды. Сиезде кім сөз алғанын, оның қалай өткені
туралы хабар Бірмұхамет Айбасұлының «Қазақ» газетінің 230 са-
нында жа
р
ияланған мақаласында жақсы айтылады. Осы мақалада:
«Құттықтай келгендерге сиез атынан Айдархан Тұрлыбаев тəңір
жарылқасын айтып, бостандық, теңдік туы мəңгілік жиылмасын,
əрқашан ұйымшылық болсын, Руссиядағы тап-тап халықтардың ара-
ларында алалық болмасын деп шын сиезге жиылған қазақ тілегі,
көңілі осы екенін айтты»
5
,- деген хабар келтіріледі.
Омбыдағы сиезден кейін араға екі ай салып тарихи маңызы
жоғары Бірінші Жалпықазақ сиезі Орынбор қаласында өтеді. Аласа-
пыран уақытта автономияға қол жеткіземіз деп талап қылған Əлихан,
Ахмет, Міржақып сынды алаш арыстарының тілектестері мен нақты
қолдаушылары қазақ ішінен мол шықты. Сондай азаматтың бірі