77
Демократияның дамуының негізгі кезеңдері жəне теориялары
Демократияның антикалық теориясы. Демократия
идеясын алғаш V ғасырда Геродот былайша ұсынған: ол – теңдік
арқылы тұрғызылған мемлекет (грекше-изономия). Мұндай саяси
құрылымның басты белгілері: қызметтерді жеребелерге сəйкес
иелену, мəртебелілердің өздерінің үкіметтік, қаржылық іс-
əрекеттері жайлы есеп беру міндеті.
Демократияның антикалық теориясын сол кездегі ірі
философтар Аристотель мен Платон жасады.
Аристотельдің ойынша, демократия дегеніміз еркін
туғандар мен меншігі жоқтар көпшілікті құрайтын жəне жоғары
билікті өз қолдарында ұстайтындар есептеледі. Азаматтары еркін,
олар мемлекеттік істерді басқаруға қатысады жəне көбісінің пікірі
шешуші мəнге ие.
Аристотельдің көзқарасы бойынша ең нашар демократия –
ол халық, тобыр билеген демократия. Демократияның мұндай
түрінде халық монарх рөлінде жəне деспот болады, ал қоғамдық
құрылыс тиранияны еске түсіреді. Аталған нұсқа тобырдың
пікіріне үстемдік ететін демагогтарға тиімді, заң жоқ – мемлекет
жоқ. Көпшіліктің шешімдерімен заң ауыстырылады, халық заңнан
айналып өтіп, шешімдер қабылдайды.
Платон да демократияға теріс көзбен қарады, ол
охлократияны (қараның, тобырдың билігі) демократияның жалғыз
түрі ретінде қарастырды. Платон үшін демократия – ешқандай
заңмен санаспайтын, кез келген жағдайда үстірт шешім
қабылдайтын қараның билігі. Оның демократияға берген мынадай
анықтамасы бар: «Демократия – ол оның шеңберінде қалағаныңды
жасауға болатын құрылым».
Осылайша, антикалық демократияның шеңберінде тотальді
билік əрекет етті.
Жаңа замандағы демократияның классикалық
теориясы. Демократия деп азаматтардың қоғамдық маңызды
шешімдер қабылдауға жалпылай қатысуы түсіндірілді. Саяси
шешімдерді қабылдауға бірдей қатысу мен жалпыға ортақ теңдік
қағидасын Ж.Ж.Руссо өзінің «Қоғамдық келісім-шарт» еңбегінде
неғұрлым нақты көрсете білді. Руссоға сəйкес, саяси процеске