2. Кез келген факторларды пайдалану көлемінің кемуі өнім шығару
көлемінің азаюына әкеп соғады. (Автокөлікті жинаудың әр желісінде 5
жұмысшыны іске қосу өнім шығару көлемін арттыра түседі).
2. Жиынтық ұсынымға деген классикалық және кейнсиандық
көзқарастар. Классикалық көзқарас шеңберінде еңбек ақының деңгейі
еңбекке деген сұраным мен ұсынымды тепе-теңдікте ұстауды қамтамасыз
ететіндей икемді болып табылады.
Жиынтық ұсынымның кейнсиандық үлгісі еңбек нарығында
сүраным мен ұсынымның өзгерулеріне қарай қалыпты еңбек ақы мен бағалар
автоматты түрде өзгермейтігігіне негізделген. Кейнс бойынша нарықтың
жетілдірілмеуі қалыпты еңбек ақының икемді болмауынан тепе-теңді ақы
төлеуге, ал классикалық тұрғыдан алғанда нақты еңбек ақы төлеудің қатал
қиындығынан барып кедергі келтіреді. Классикалық көзқарас ұсынатын
еңбек әрқашан толық пайдаланылады және қанша жұмысшылар ұсынылады
деген ойды білдіреді. Класикалық ықпал жағдайында жұмыссыздық нақты
еңбек ақы тепе-теңдіктен асқан деңгейде, яғни толық жұмыспен қамтылу
деңгейінен асқан жағдайда ғана пайда болады.
Нарықтық экономика классикалық ерекшеліктерін ұзақ мерзімде,
ал Кейнс үлгісін қысқа мерзімде көрсетеді. Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық
сұраныстағы өзгерістер өнім шығару деңгейімен қатар, баға деңгейіне де
ықпал етеді, ұзақ мерзімді кезеңде – бағаға ғана. Кейнс көзқарасын
қолдайтын экономистер экономика біртіндеп өзгереді, тіпті толық жұмыспен
қамтылу деңгейіне оралу үшін макроэкономикалық саясаттың құралдарын,
ақша және салық саясатын қолдануды қажет деп санайтын.
3. Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан. Классикалық
тұрғыдан жұмыссыздық егер нақты еңбек ақы қалыпты еңбек ақыдан жоғары
болған жағдайда, яғни толық жұмыспен қамтылу деңгейінен жоғары
болғанда орын алады. Классикалық бағытты жақтаушылар (А. Смит,
Д.Рикардо, К.Маркс) бүгінгі таңда мемлекеттің экономикаға араласуының
кез келген нысанына қарсы. Олар жиынтық сұраныстың төмендеуі жұмыспен
қамтылу деңгейінің төмендеуіне емес, бағаның төмендеуіне ғана әкеп соғады
дейтін. Ал мемлекет өзінің араласуымен бағаның деңгейіне ғана әсер етіп,
елдегі жұмыспен қамтылу деңгейі мен өндіріс көлемін өзгерте алмайды. Егер
де мемлекет нарықтық механизмге араласпаса тұтынушылар нарықтан
өздеріне қажеттерін таба алады. А. Смит мемлекеттің қатысынсыз –ақ нарық
автоматты түрде реттеп алады және нарықтың «көзге көрінбейтін қолы»
қоғамға қажеттіні өзі істейді деп санаған. Баға мен еңбек ақы сұраным мен
ұсынымның тепе-теңдігін көрсете отырып, жоғары және төмен еркін қозғала
алады. Ондай жағдайда да жиынтық сұраным жұмыспен қамтылуды
төмендете алмайды. Кейнс бағыты нарық жұйесі жұмыссыздықтың жоғары
деңгейінде ұзақ уақыт тоқырау жағдайында болуы мүмкін деген ойды
айтады. Баға мен еңбек ақы мінсіз икемді құрал емес, олар нарықта баяу
өзгереді де жылжиды. Кейнс нарық механизмін реттейтін күш қажет деп
есептейтін, мемлекет пен нарық бұлар шынмәнісінде бірегей экономикалық
организмнің екі қолы болып табылады деген. Мемлекеттің нарықтық