• формат doc
  • размер 44,90 КБ
  • добавлен 17 февраля 2012 г.
Құдайбердұлы Шәкәрім. Үш анық
ЫНСАП, ӘДІЛЕТ, МЕЙІРІМ НЕМЕСЕ ШӘКӘРІМНІҢ «Үш анығы» туралы
Шәкәрімнің шығармашылық рухани жағынан қалыптасу жолы дала қазағының арнайы оқу орнында оқып, даярланбаған қалпын танытады. Бірақ не болса да өзі түртініп араб, парсы, шағатай, орыс тілін үйреніп, сол тілдерде жазылған рухани қазына көздерін тереңдей меңгеріп, шыншылдықпен ой қорытқан дала ойшылын көреміз.
Шәкәрім «Үш анығын» жазу жолында айтарлықтай алдын ала зор даярлықтан өткен. Шығыс пен Батыстың рухани қазына-көздеріне бас қойғанда, ондағы идеалистік, материалистік бағыттағы еңбектермен таныстығы мол болған себепті:
Пәнші дейді: — Қайда тәңірі?
Дінші дейді: — Менде түр.
Пәнші (ғалым М. М. ) нанды бес сезімге,
Дінші (теолог М. М. ) адасты жолынан, —
деген сыншыл ой қорытындысы ретінде берілген дүниетаным көп нәрсенің астарлы сырын да аңғартады емес пе? Осы арқылы Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы дүниетаным бірінші, екінші анық деп көрсетеді