• формат pdf
  • размер 2,76 МБ
  • добавлен 22 марта 2015 г.
Құлбек Ергөбек. Қарасөз. Қазақ прозасы туралы ойлар
Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. 600-бет. — ISBN 978-601-7317-38-6
«Қарасөз» – көрнекті әдебиет сыншысының толайым қазақ прозасына арнаған жанрлық-тақырыптық тұтас сын кітабы.
Жұлын-жүйкесі бүтін біртұтас сын кітабына Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбайұлы, М.Мағауин, Д.Исабеков және сыншымен қанаттас бір буын прозашылардың тұлғалық талдамасы («Дарын даралығы»), сондай-ақ қазақ романы, повесть, әңгіме жанрының қалыптасуы, өсу-өркені жайында толғаныстары ( «Жанр жаңалығы») еніп отыр.
Сонымен бірге «ізденгіш сыншы» (Қ.Сұлтанов) экспериментке барып
«Бір роман» (С.Мұқановтың «Адасқандар» романы), «Бір хикаят» (Ш.Бейсе-
нованың «Сүзгенің соңғы күндері» повесі), «Бір әңгіме» (Д.Әшімханұлының
«Тасқала» әңгімесін) атап, жеке шығарманы бас-басына лабораториялық
тұрғыдан арнайы талдайды.
Мейлі шығармашылық тұлғаға ден қойсын, мейлі әдеби процеске зер салсын, қандай шығарманы да буынынан ұстап талдайтын, төгілдіре толғайтын эстет сыншы «таңқалдыра біледі, тамсандыра біледі» (Ә.Кекілбайұлы) мақалаларында.
Кітаптың тілі нәрлі, ой сараптамасы ойландырарлық.