• формат doc
  • размер 83,62 КБ
  • добавлен 25 июня 2012 г.
Қожа Ахмет Иасауи. Диуана Хикмет
Алматы, Тарихи тұлға, 1991 ж., 94б.
Диуан (парсы - жазып алу, кітап) - шығыс классикалық әдебиетіндегі бір немесе бірнеше ақынның шығармаларын қамтитын жинақтың атауы. Диуандағы шығармалар жанр бойынша, әліпбилік тәртіппен орналасады. Шығыс поэзиясында дастандар, поэмалар хамса болып бестен біріктірілсе, Диуанға, негізінен, көлемі шағын көркем шығармалар - ғазалдар, сонымен бірге қасидалар, мұхаммастар, мусаддастар, алты-тармақ, мусаббалар (жетітармақ, қыталар) (үздіктер), рубай, мәснәуилер кірген. Шығыстың белгілі шайырларында бір немесе бірнеше Диуан болған. Мыс., Әлішер Науаидың (1441 - 1501) "Чар Диуан" (төрт диуан) атты шығармалар жинағы болған. Әрқайсысының жеке такырыбы, аты болған. Олар: "Балалық шақтың базарлары", "Бозбала шақтың маржандары", "Орта жастың ғажайыптары", "Қарттықтың қасиетті кеңестері". Сөйтіп, "Чар Диуан" ақынның бүкіл өмірін қамтып шығады. Батыс әдебиетінде бұл үлгіде жасалған В.Гетенің әйгілі шығармасы -"Батыс-шығыс диуаны". "Диуан" сөзі "кітап" деген мағынаны білдіріп, басқа да жинақтарға қолданылған. Махмұт Қашқари үш томдық түсіндірме сөздігін "Диуани лұғат ат-түрк" деп атаса, Қожа Ахмет Иасауи хикметтер жинағын "Диуани хикмет" деп атаған.