• формат pdf
  • размер 592,91 КБ
  • добавлен 15 сентября 2014 г.
Ақан сері Қорамсаұлы. Жырлар
2012 ж. 42 с.
Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) - қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең-жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, композитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. Өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет- мінездерімен де, жүріс-тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.