• формат pdf
  • размер 73,18 МБ
  • добавлен 22 сентября 2015 г.
Дүйсенбайұлы Есенбай (кұраст.). Жеті ғасыр жырлайды. 1-2 том
Жеті ғасыр жырлайды» аталатын екі томдықтың бірінші кітабына толғауымен тоғыз ханды тоқтатқан Сыпыра жыраудан бастап (шамамен XIII-XV ғ.ғ.), қазақ сопылық поэзиясының ірі өкілі Кердері Әбубәкірге (XIX ғ.) дейінгі қырық екі ақын-жыраудың таңдамалы шығармалары жинақталды. Бұл жыр-толғаулар еркіндік пен елдік жолында ұзақ заманаларға созылған ерлік күреске толы ұлттық тарихымыз бен жұрттық дүниетанымымыздың көркем шежіресі, рухани айнасы, ой-сана оқулығы да іспетті.
«Жеті ғасыр жырлайды» деп аталатын екі томдықтын екінші кітабына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалауда орасан зор еңбек еткен ағартушы, демократ Ыбырай Алтынсариннен бастап, XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүріп, соңына соны сүрлеу қалдырған дарынды қалам иесі Бернияз Күлеевке дейінгі қырықтан астам жазба әдебиет өкілдері мен ақын-жыраулардың таңдаулы шығармалары енгізілді. Олардың арасынан жазба әдебиетіміздің қалыптасуына ерекше ықпал еткен кітаби шайырлар да, үкілі домбырасына үн қосқан сал-серілер мен әнші-ақындар да бар.