• формат pdf
  • размер 254,01 КБ
  • добавлен 09 августа 2016 г.
Исабеков Дулат. Ескі үйдегі жаңа қоныс
Есіркеп түскі тамағын ішіп болған соң бет–аузын тыжырайтып, көзін жұмып, рақаттана құлағын шұқып отырған кезде жер сілкініп, дабыл жарғағын жарып ала жаздады да, столды қимылдатқан сол екен деп, қарсы бетте отырған төрт жасар жазықсыз баласын жақтан тартып жіберді. Әлгіде ғана келесі жексенбіде әкесімен бірге қалаға барып ойыншыққа кенелетін боп отырған бала шырқырап қоя берді.
– Әй, жын қағып кетті ме, баланы неге ұрдың? – деді әйелі түкке түсіне алмай. Күйеуі себебін түсіндірмек боп, көзін ежірейтіп саусағын шошайта беріп еді, жер тағы қимылдады. Есіркеп баласы мен әйеліне, сонан соң төбеге қарады. Тебедегі лампочка әткеншек теуіп тұр екен.
– Ойбай, кұрыдық! Далаға!– деді де, Есіркеп алды артына қарамастан аулаға шықты. Сол екпінімен ауланың қауіпсіз–ау деген қақ ортасына барып тоқтап, артына ентіге қарады. Әйелі мен баласы әлі жоқ!