• формат doc
  • размер 39,63 КБ
  • добавлен 10 февраля 2015 г.
Исабеков Дулат. Шалдар
Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші!
Бойына сыймаған күйініш пен өкініш, Қарекеңнің Жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. "Не жетпейді, опыр-ау не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне боз. Торгай жүмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? "Осылар жесін, осылар кисін" деп жар құлағын_жастыққа тимей. жарасқылықты өмірлеріне жаның сүйсініп, "е, құдай, балаларымды бақытты қыла гөр, өмір жастарын ұзақ қыла гөр" деп жүргенде бұл ақымақтардың гуттей ұйыған тұрмыстары нілдей бұзылып, қақыратып кетті-ау қабырғаны! Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге!
Қарекең ұзақ түнге кірпік ілмей жиі-жиі күрсінумен болды. Түн ортасы әлдеқашан ауып қалған. Жанындағы кемпірі де көпке дейін көз жұмбай, әзімен бірге күрсініп, аһ ұрып жатыр еді, енді маужырап ұйықтап кетіпті.
«Қайтсін, шаршаған шығар байғұс. Таңның атысынан күннің батысы қыбыр-қабыр бір тыным көрмейді, - деді Қарекең кемпіріне аяушылықпен қарап қойып. - Оның үстіне, мына уақиға да оған оңай тиіп жүр деймісің. Осының бәрін көре-біле тұрып, кейде оған орынды-орынсыз қожыраңдаймын кеп-кеп. Енді қартайғанда, осым не менің осы? А? Тоба!"