• формат djvu
  • размер 4,66 МБ
  • добавлен 31 июля 2016 г.
Майлин Бейімбет. Шұғаның белгісі
Алматы: Жазушы, 2001ж., 345 б.
XX ғасырда қазақ көркем прозасын, оның ішінде лирикалық прозаны қалыптастырып, дамытуға зор үлес қосқан аса көрнекті қаламгер, суреткер жазушы, ақын, драматург, қазақ әдебиетінінң классигі Бейімбет (Бимұхамбет) Майлин бұрынғы Торғай обласына қарысты Қостанай уезінің жетім қалған ол кәрі әжесінің тәрбиесінде болып, жыр-аңыздарды сол әжесінің айтуымен тыңдап өседі.
Бейімбет алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, 1911-15 жылдары Арғынбай қажы медресесінде, Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Ғалия медресенде білім алады. Ғалия медресінде оқыған жылдары татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты ақын-жазушыларымен байланыста болады.
Бейімбет Майлин - прозалық туындылары арқылы өзі өмір сүрген заман шындығы мен қоғам өмірін шебер сомдай алған ұлы суреткер. Алғышқы жазылған "Шұғаның белгісі" хикаятымен-ақ ол қазақ көркем прозасының ғажайып эстетикалық мүмкіндігін жарықта көрсетті.
Бейімбет Майлинің проза, поэзия, драматургия жанрларындағы туындылары - ұлттық әдебиетіміздің қымбат қазынасы, асыл мұрасы.