Астана: Аударма, 2005. — 544 бет. — ISBN 9965-18-138-1
Дүниежүзілік әдебиет қазынасының бір бөлшегі болған кене үнді
эпостары "Махабхарата" және "Рамаяна" бұдан мөлшері екі мың жыл
бұрын санскрит тілінде жазылған. "Махабхарата" "Рамаянамен" бірге
үнді халқының мәдениетіне игі ыкпал етті және қазіргі уакытта да
ықпал етуді жалғастыруда. Бұл эпостар сан ұрпақтардың әдеби
жұмысына таусылмайтын қайнар көз болды. "Махабхарата" және
"Рамаянаның" кейіпкерлері мен сюжеттері бірнеше жазушыларға
көптеген өлең, пьеса және әңгімелер жазуға әсерін тигізді.
"Махабхарата" және "Рамаяна" әлемнің ең атақты шығармаларының
арасында тең орын алып отыр. "Махабхарата" бізге таныс басқа
елдердің классикалық туындылары, мысалы Гомердің грек тіліндегі
"Илиада" мен "Одиссеясы" сияқты, батырлар туралы эпос жанрында
жазылған. Батырлар туралы эпос жанрында жазылған көптеген туындылар
сияқты "Махабхарата" мен "Рамаяна" тарихи аңыздарға жүгінеді және
олардың мазмұнында ерте заманда болған шын оқиғалар туралы зерде
сақталған.
Алғаш рет "Махабхарата" мен "Рамаяна" түрік тілдерінін ішінде казақ тіліне аударылып бір кітап болып шығып отыр. Орталық Азияда үнді мәдениетіне қызығушылықтың кең өріс алуымен байланысты, бұл кітап түрік тілінде сөйлейтін басқа елдерге де тиімді болады деген ой бар. "Махабхарата" мен "Рамаянаның" қазақ тілінде басылуы өте манызды, өйткені қазақ окырмандарына үнді философиясы мен үнді халқын түсінуге және дәстүрлі екі ел арасындағы ынтымақ пен достық қарым-қатынасты нығайта беруге мүмкіншілік тудырады.