Ӛзім туралы әңгіме
Ӛзімді таныстырып ӛтейін! Менің аты –жӛнім Тим Дикисон. Мен 24 жастамын. Мен
1983/12/08 (мың тоғыз жүз сексен үшінші жылы он екінші тамызда), Калифорния штатында
туылдым. Мен Калифорния штатынан, Лос –Альтос қаласынан келдім. Мен Қазақстанға 2007 (екі
мың жетінші) жылы 23 (жиырма үшінші) тамызда келдім. Мен Қазақстанда «Білім беру»
бағдарламасында жұмыс істеймін , ӛйткені мен Бейбітшілік Корпусының еріктісімін, ағылшын тілі
мұғалімімін. Маған бұрын таныс емес жаңа заттарды білуді және ӛз білгенімді басқа адамдарға
үйретуді, сондай –ақ басқа елдердің мәдениетін білгім келеді, сондықтан мен Бейбітшілік
Корпусының еріктісі болдым.
Мен Америкада Индиана штатындағы Индиана мемлекеттік университетінде 4 жыл
оқыдым. Мен психология және халықаралық заңды оқыдым. Университеттен кейін
магистратурада «Психологияны» 2 жыл оқыдым. Мен Америкада бір жыл орта мектепте сабақ
бердім және басқа елден келген адамдарға ағылшын тілінен қосымша сабақ бердім.
Бос уақытымда спортпен шұғылданғанды жақсы кӛремін, әсіресе американдық футбол
ойнауды және жүзуді жақсы кӛремін. Америкада мен аптасына үш рет - әр дүйсенбі, сәрсенбі
және жұма сайын бассейінге бардым. Сондай –ақ маған кино кӛру, музыка тыңдау және
достарыммен әңгімелесу және де басқа елдерге саяхат жасау ұнайды. Студент кезімде кӛп саяхат
жасадым. Мен Канадада, Мексикада, Францияда, Италияда, Данияда, Швецарияда, Оңтүстік
кореяда және Жапонияда болдым. Осы елдердің ішінен маған Жапония ұнады.
Уақытым болса мен кешке қарай оқуды жақсы кӛремін. Әдетте мен ағылшын ғазеттерін
немесе журналдарын және ағылшын тілінде кітаптар оқимын. Менің сүйікті жазушым Дэйл
Карнеги.
Жексенбі күндері қолым бос болса, мен тамақ пісіремін. Маған мексикандық тамақтар
ұнайды, мысалы - мексикандық чили. Мен қазақтың ұлттық тамағын пісіргім келеді. Мысалға
бесбармақ, бауырсақ немесе палау. Себебі олар маған ӛте ұнайды.
Мен музыканы ӛте жақсы кӛремін, әсіресе классикалық әндерді жақсы кӛремін. Пианинода
және гитарада ойнай аламын. Енді Қазақстанда, Орал қаласында екі жыл тұрмақпын, осы екі
жылда домбырада ойнауды үйренгім келеді.
Мен Компьютерде жақсы жұмыс істей аламын, әсіресе офиске керекті бағдарламаларды
жақсы білемін. Компьютерде тез баса аламын. Балалармен жұмыс істеуді жақсы кӛремін, себебі
олармен жұмыс істеу ӛте қызық.
Қазір мен Шамалғанда , Қонаев кӛшесі, 29-шы үйде тұрамын. Осында мен жергілікті
қазақ отбасымен бірге тұрамын, себебі мен бұл жерде Бейбітшілік Корпусының дайындау
кезеңінде жүрмін және мен бұл жерде мектепте практикадан ӛтіп жатырмын және де қазақ және
орыс тілдерін үйреніп жүрмін. Сосын үш аптадан кейін Орал қаласында барамын. Мен Орал
қаласында №25 қазақ орта мектебінде жұмыс істеймін. Келешекте Қазақстанды араласам деп
ойлаймын. Сонан соң екі жылдан кейін Америкаға барып, мұғалімдік жұмысымды
жалғастырамын. Мүмкін басқа елге барып, тағыда ерікті болармын.