мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамды ха-
лықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді
екендігін ұмытпағанымыз жөн» [3].
Ұлт зиялыларының ақындық сөздері қалың қазаққа арнал-
ды, халқын ұйқыдан оянуға, елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері
ұмтылуға, азаттық, бостандық жолына үндеді. Осындай мазмұнда
жазылған Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Ду-
латовтың «Оян, қазақ» кітаптары қазақ қоғамындағы ең алғаш
айтылған өткір сөздердің бірі болды. Міржақып Дулатов:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты
Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, Хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты! – десе, [4, 15-б.]
Ахмет Байтұрсынов:
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле дедік аңдып баққан.
Бәленің түрін көрген мен сары маса
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан, – дейді [5, 27-б.]
Әр адам жеке басының ғана қамын ойламай, елінің, ұлтының
қамын ойлауы керек, ұлтына жақсылық жасаған адамның аты
ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Міржақып Дулатов өмірінің мәні де
осында еді. «Қайтсек жұрт боламыз?» деген мақаласында патша-
ның отарлау саясатынан құтылу үшін, елдігімізді, тілімізді, дінімізді
сақтау үшін не істеуіміз керек дей отырып, ол үшін мемлекет, авто-
номия құруымыз керек, кім күшті болса, сол жұрт болып дегеніне
жетеді, күш дегеніміз ол – әскер дейді. «Бұл заманда әскері жоқ
жұрт жұрт емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз,
қайсысына түсетін болсақ та ерік өзімізде» [5, 263-264 бб.], яғни
бір жолы құлдық, екіншісі жұрттық жолы. Автономия алу жолына
кірісіп, милициямызды жасап, алаш үкіметімізді нығайтсақ бізді
ешкім басынбайды. Үкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім
есептеседі деген ой айтады. Өмірдің мәні тағдырға мойынсұнып,
басыңа не түссе соны көріп отыра беру емес, ел болуға, жұрт
болуға, өркениеттілікке талпыну. Ол қазақ халқының даму деңгейі
төмен, отар халық емес, тағы, дөрекі емес екендігін, бейбітшілік
сүйгіштігін дәлелдеуге тырысты. Жалпы қазақ халқының жақсы
өмірге жетуіне қажетті басты нәрсе – еркіндік пен тәуелсіздікке
жету деп, оны өз шығармаларында көрсете білді.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезін дегі қазақ зиялыларының
ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат – бодандық бұғауында
жаншылған елін құлдықтан құтқару, жаңа ұлттық сананы қалып-
тастыру, өзге өркениетті елдер қатарына қосу болғаны белгілі.
Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың жолдарын із деп, басын
тауға да, тасқа да соққан.