91
арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді
кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа
табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ
ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі
арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп,
онан басқа формада қайта пайда болып отырады.
Сондай - ақ таны
м процессінін диалектикасы адамның танып білуінің
субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен
қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз,
түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар обьективтік
дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.
Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы
үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен
ақиқатты анықтауға мүмкінд
ік беретін пікірлердің күресі.
Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған
шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен
өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар кіреді.
Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және
басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз -
ол біздің айналамыздағы дүние жайын
дағы мәліметтер санамызға келіп кіретін
бірден - бір қақпалар болып табылады.
Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың
сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады.
Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету
арқылы жүзеге асырылады.
Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана
танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезі
м мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі
нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі
бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған
заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін.
Бұл образдар елестету деп аталады.
Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және
логикалық формалары «таза» түріде, же
ке, бір - бірінен оқшау түріде
көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады.
Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық
элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным
процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі.
Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір - бірінен мынандай
айырмашылықтары бар: оларда зер
ттеліп отырған объект әртүрлі жағынан
қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін
әртүрлі логиклық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға
қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады,
тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің
логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім