44
Анахарсис туралы пікір айтқан философтар біршама, солардың
арасында Секст Эмперик Анахарсисті «жеті ғұламаның бірі», - деп санайды.
VIII Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата әрі кемеңгер ойшыл, әрі
ақын, сазгер болып, тарихта үлкен рухани із қалдырған. Өзінің философиялық
толғамдарында «өмір мен өлім» мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын
қиялмен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт
бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да алдынан қазылып жатқан кө
р кездеседі.
«Кімге қазып жатырсыңдар?»-деген сұрауына «Қорқыттың көрі» деген жауап
алады. Содан, өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қортындыға
келеді. Ол пікірді оған түрлі жан жануарларда да, өсімдіктер де - бүкіл әлем
ұқтырған көрінеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шы
ғарып , оны қобызбен
орындайтын болады. Сол себепті де «Қорқыт Ата» ХХ ғасырда дүниеге келген
экзистенциализм философиясының орта ғасырлардағы бастауы деуге болады.
Өйткені, ол өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді.
Қорқыт Ата шығармаларын «Қоқыт Ата кітабы» деп атайды. Себебі, Қорқыт
Ата дүние салғаннан кейін оның ұрпақтары Қорқыт Ата айтқан жырларды,
дастандар
ды жинақтап, солай атап шығарған көрінеді. Кітапта 12 тарау болып
кірген батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
Шығармалардағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдаусидің «Шахнамасына»
үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол - түріктерге де,
түрікпендерге де, әзірбайжандықтарға да ортақ рухани Ата. «Қорқыт Ата
кітабы» Ватикан мұражайында сақталған. Көшірмесін түріктер, одан біз қазақ
тіліне, басқалар да өз тілдеріне аударған.
Халықты
ң гнесеология мен әлеуметтік философия мәселесіне келгенде
қазақ қоғамдық санасындағы «Қорқыт философиясының» орны бөлек. Бұл
философияның негізгі мәні мынада: «Сенің тағдырың - өз атамекенін»,
қиыншылықтан қашып құтылу мүмкін емес. Сондықтан өмір сүру үшін
күресуін керек. Бұл - табиғат пен адам үйлесімділігінен туған ой.
Асан Қа
йғы (XV ғ.) – қазақ даласынан шыққан философ, ел қамын
ойлаған данышпан - ақын. Алтын Орда құлағаннан кейін, халық аңызы
бойынша, мемлекеттің ыдырағанын көріп, халыққа ыңғайлы, уайым - қайғысы
жоқ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын «Жерұйықты» іздеп, желмаямен
қазақ жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шөл даланы да көреді, бәріне
тиісті бағасын береді. Бірақ «Жерұй
ықты» таба алмай, қайғырады. Содан ел
оны «Асан Қайғы» деп атаған. Әрине, қазақ жерінде кең жазықты, көк майса
шалғынды, орманды-таулы жерлер де, өзен-көлдер де бар, бірақ іздегені
әлеуметтік теңдік пен рахат өмір болатын. Сондықтан оны қазақ жерінен
шыққан алғашқы әлеуметтік утопист, - деп те атайды.
Халықта даналығымен, әділдігімен көзге түскен к
өптеген билер,
жыраулар ақындар болған. Халақ арасындағы тіпті, ел мен ел арасындағы дау-
дамайды, ұрыс- жанжалдарды мейлінше бейбіт жолмен шеше білген от ауыз,
орақ тілді шешен билеріміздің қазақ халқы үшін сіңірген еңбектері ерен.
Мәселен, аты алашқа әйгілі болған: Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке
би. Билер көбінесе құбылысты астарлап ашып, т
ұспалдап сөйлейтін шеберлігін