65
мүшелерінің мүмкіндіктерін жан - жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін
ақылға билетеді. Адамға микроскоп, телескоп, сейсмограф сияқты құралдар
көмекке келеді. Сөйтіп, адам сезім мүшелері арқылы заттың қасиеттерін біледі.
Бірақ заттың қасиеті әртүрлі болады. Затты бүтіндей, толық білу үшін оның
қасиеттерін жан - жақты танып, түсіну қажет. Ол үшін таным - түйсіктен бірте -
бірте ойлауға көтеріледі. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сан
а енжар
емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Сонымен, адам миы түрлі түйсіктер
арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі қабылдап оны қорытады,
белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа
жауап біреу ғана: ол түйсік мүшелер арқылы объективті шындықты
бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Оған түйсік, қабылдау,
ойлау сия
қты негізгі элементтердің жиынтығы кіреді.
Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді,
қолдан жасайы. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя - мидың функциясы
ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті.
Сана-адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан - жануарларда да бар.
Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Он
ың пайда болуы екі факторға
байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде
пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда,
белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге
болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат
жасамайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір - бі
рімен түсіну
үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында түрлі
дыбыс, қимыл - әрекеттермен алғашқы адамдар бір - бірімен ұғысқан. Сана
тілмен бірге дамиды.
Қарым - қатынаста адамның өмірлік қызметі оның өзіне басқалардың да
қызметі сияқтанады. Сондықтан да ол өзінің әрбір әрекетін басқ
а адамдарға
ортақ қоғамдық өлшем арқылы бағалайды. Адам өзін өзінің өмірлік қызметінен
және оның пәнінен бөліп қарап, оны тарихи жинақталған білімімен
бағалайтындықтан, өзін объективті шындықтан, бөліп, қарама-қарсы қояды.
Адам объектілерге түсініп, ұғына қарайтындықтан оның дүниеге қатынасының
тәсілі сана деп аталады. Қоғамдық - тарихи заттың қызметі мен адамның сөзі
тудыратын түсінік мән білімсіз сан
ада болмайды. Заттың кез - келген сезімдік
бейнесі, кез - келген түйсік немесе түсінік белгілі бір мән мен маңызға ие
болғандықтан, ол сананың бөлігі болып табылады. Тілден байқалатын білім,
мән және мағына адамның сезімін, еркі мен назарын және басқа психикалық
актілерін біртұтас санаға біріктіріп, оларды бағыттап, саралап отырады. Тарих
жинақтаған ілім, саяси жә
не құқылық идеялар, өнер жетістіктері, мораль, дін
және қоғамдық психиология тұтас қоғамның санасы болып табылады. Таптық
қоғамдағы қоғамдық сананың формалары саясат, құқық, философия, мораль,
өнердің болмысын бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық
сананың саяси және құқықтық формалары қоғамның экономикалық қатынасын
саяси және құқықтық тілде, ал өнер - көркемдік образдармен, мораль –