33
музыканы тереңдетіп оқытады. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы
ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді
армандады. Саясат мәселелеріне қазықпаған декарт алгебра, аналитикалық
геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну
заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, псидология мен космогония және
философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: «Әдіс туралы ой - толғау» және
«Философияның алғашқы б
астаулары».
Космология, космогония, физика мен физиологияда – материалист,
психология, таным теориясында - идеалист, соған орай Декарт дуализм
бағытының өкілі ретінде сналады.
Декарттың рационализмінің негізі - күмән. Күманданған адам күмән
туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі
айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді. Біз
анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бі
рақ олар ақылымыз, зердеміз
арқылы ғана қабылданбақ.
Т.Гоббс (1588-1679ж.ж.) - Оксфорд университетін тәмамдап,
Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға
хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар
элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642), «Левиафан» (1651ж).
Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен
жануарлар күрделі машина, материя - мәңгі, алғашқы, ал ой - материяның
туындыс
ы деген көзқарасты жақтайды.
Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі
ақиқат» теориясын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды. «Философия-
танушы ақыл - ойдың рационалдық іс - әрекетінің жүйесі. Ол бір жағынан,
белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан,
құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат
дегеніміз ғылыммен тең түсетін философия», - дейді. Теологияны ж
оққа
шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды.
Гоббс үшін теология рационалдық анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны
сол күйінде қарастыру керек, ал философия тек адам туралы ілім деген
көзқарасты ұсынады.
Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат
адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән
өзімшілдіктен ке
йін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің
сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. «Адам - адамға қасқыр»,
адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан
күштірекпін деп ойлайды. Осы жағдайлардан кйін адамдар арасында бір-біріне
деген сенімсіздік туындайды. Табиғи теңдік үміт теңдігін туғызады да, екі адам
бір мақсатқа ұмтылады, мақ
сатқа жету барысында бірі басқасын құрбан етуге
немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бірімен-бірі үнемі соғыста
болады дейді.
Барух Cпиноза (1632-1677ж.ж.) - Амстердамда еврей отбасында дүниеге
келіп, әуелі сауда - саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға