21
гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына
таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің
бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан - жақты таралып,
қанат жая өркендеп өсуі - сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға
деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру
керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия
жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола баст
ады. Қалаған мектебінен,
ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық
мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық
мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға
болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы
білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде
қолданатын болға
ндықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі
мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа
жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген
мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик,
эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жа
уап беруге тырысты.
Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер,
оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап,
тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик
ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды
қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты
билігіңіз жүрмеген
діктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық
Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы –
сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу
үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті
жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту
керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықт
анда одан құтылуға асығудың
қажеті жоқ.
Сенека (б.д.д. 4 ж.ш. - б.д. 65ж.) - римдік стоицизмнің өкілі. Император
Неронның тәрбиешісі және соның үкімі бойынша өзін - өзі өлтірген. Грек
стоиктерінің пантеизмін сақтап, дүниені математикалық бірлікте және зерделі
тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикалық-ғибраттық
мәселелер
мен айналысады. Егер этикалық - ғибраттық мәселенің шешімдері
дұрыс табылса, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жеткізе аламыз деп
тұжырымдады. Ол өзінің жеке адамдық этикасын қоғам және мемлекет
міндеттерімен байланыстаруға тырысты. Сенеканың этикасы христиандық
идеологиясының дүниеге келуіне үлкен ықпал етті.
Марк Аврелий (121 - 180ж.ж.ш.) - философ, стоик, Рим императоры (161 -
180ж.ж.). Өзінің философиялық көзқараст
арын «өзіме арнаймын» деген жалғыз
шығармасында афоризмдер түрінде баяндаған. Оның түсіндіруі бойынша
стоицизм діни-мистикалық сипатта көрінеді. Құдай-тіршілік атаулының түп