71
екі өмірлік. Адам тұрмысының негізгі категорияларын анықтайтын өмір – бұл
бостандық, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, болып табылады.
Айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің
материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен
генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда
олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен
санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылы
с.
11 – тақырып. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ
Әлеуметтік философия - қоғам мен адам туралы философиялық
принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік
философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болып
табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық зерттейтін
(тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т.б.) түсініктерге назар аударады. Тарихи
процессті
ң мәні мен бағыты, қозғаушы күші және мақсаты «қоғам»,
«қоғамдық», «әлеуметтік» сөздерінің түсінігі кеңінен таралған, бірақ олардың
мәні көбінесе көп мағыналы және толық түсініксіз болып келеді. Ең алдымен
«қауымдастық», «қоғам» терминдерін ажырата білу керек. Қауымдастық
қазіргі заманға сай тұрмыстық нысандармен анықталады немесе адамдардың
өзара әрекеттері олардың жалпы шыққан тегімен, тілмен, көзқараст
армен
байланысты. Қоғам халықтың азық ретінде және зерделі ұйымдастырылған
үлкен топтардың іс - әрекеті біріккен қоғамдық негізде емес, біріккен мүдде
мен шартта. Қоғам түсінігі халық, ұлт, мемлекет түсінігінен ажыратылып алу
керек. Ұлт - бұл мемлекеттік, экономикалық, саяси және адамдардың рухани
қарым - қатынас байланысқан бір немесе бірнеше халықтың ұйымдасқан
өмірінің нысаны. Мемлекет құқық пе
н заң негізінде ұйымдасқан өмір нысаны,
халық және ұлт адам өркениетінің тарихи азығы. Бұл барлық түсініктер өзара
байланысты және бір – бірінің түсінігі толықтырып отырады.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой - пікірлер, идеялар
мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастады.
Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай
дамиды,дамудың көзде
рі мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар
мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым - қатынастар
заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой - пікірлер және идеялар
туады. Ал мұндай ой - пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен
және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі дам
ыту
қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туды.
Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып - білуде,
өзгертуде философия тарихында материализм мен иденализмнің арасында
ұдайы қарама - қарсы кескілескен күрестер жүргізіледі. Материализм қоғамды,
оның даму заңдарын дұрыс ғылыми тұрғыдан түсіндірмекші болып әрекет
жасаса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдық тәжірибеге сүйенбеген,