Языки и языкознание
  • формат pdf
  • размер 21.31 МБ
  • добавлен 09 марта 2015 г.
Өтеміс Қажы. Шыңғыс-наме
Алматы: "Дайк-Пресс", 2005. - 400 б.
ISBN 9965-699-76-3
Қазакстан тарихы туралы түркі деректемелері, I том. Факсимиле, транскрипциясы, мәтіннамалык, ескертулер, зерттеу мақалалар В. П. Юдиндікі.
Алғы сөзін жазған, түсіндірмелері мен көрсеткіштерін жасаған М. Қ. Әбусейітова.
Кітап Өтеміс Қажы ибн Маулана Мұхаммед Достының XVI ғасырда жазған түркі тілдес тарихи "Шыңғыс-наме" шығармасының қазақ тіліндегі алғашқы басылымы болып табылады. Дешті Қыпшак, көшпенділерінің XIV ғасырдағы саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы баяндайтын басылым Қазақстанның, Орталық Азияның, Еділ бойы мен Сібірдің ортағасырлық тарихының деректану саласына қомакты үлес болып қосылады.
Кітапта қолжазбаның факсимилесіне қоса транскрипциясы, қазақ тіліне аудармасы, мәтіннамалык, ескертулер, тарихи-деректанулық зерттеулер, түсіндірмелер мен көрсеткіштер берілген.
Ғалымдар мен мамандарға, сондай-аң Қазақстан тарихын жете білмекке ден койған барша оқырмандарға арналған.