Зарубежная художественная литература
  • формат doc
  • размер 4,88 МБ
  • добавлен 07 июня 2016 г.
Еңсегенұлы Тоқболат. Көркем ойдың көкжиегі
Монография. Арыс баспасы. Алматы 2011. 368 б.
Бұл кітапта есімі дүниеге кеңінен тараған әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына талдау жасалынды. Ондағы мақсат – әдебиетті сүйетіндер мен қаламгерлерге атақты суреткердің мәңгілік рухани мұра жасаудағы ерен шеберлігінің сырын ашып көрсету және сондай тозбайтын дүние жасап, биікке көтерілудің жолын мүмкіндігінше таныту. Өйткені, Ш.Айтматов психологиялық тартымдылықпен типтік образдар жасап, философиялық пайымдаулар туындатып, өмірдегі зәру мәселелерді көтеріп, соның бәрін лирикалық тілмен өрнектеп, оқырманын толғанысқа түсіретін көркем ойдың нағыз кемеңгері еді. Сондықтан оның шығармаларының тұңғиығына көз жеткізіп, түсініп игеру де оңайға соқпайды.
Шыңғыстың мұндай адамзат «жүрегінің түбіне терең бойлауына» әлем таныған жазушы Мұхтар Әуезовтің ықпалы тигені рас. Ал Мұхтар Омарханұлының ұлы Абай жасаған даналық туындылардан нәр алғаны шындық. Осыған дәлел ретінде бұл кітапта әуелі А.Құнанбайұлының «Қырық бесінші сөз» атты ғақлиясының құпиясы ашып көрсетіледі.
Кітапта туған жер топырағынан шыққан көркем ойдың алыптары Олжас Сүлейменов, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Сәкен Сейфуллин, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Зейнолла Шүкіров, Қадыр Мырзалиев және басқа сөз зергерлерінің көркем шығарма жасаудағы өзіндік ерекшеліктері сөз болады. Сондай-ақ, Сыр бойында ғұмыр кешкен онға жуық ақын-жазушылар мен кейін таныла бастаған бірнеше қаламгерлердің шығармалары назарға алынып, орнықты бағасы беріледі. Сосын, әдебиеттану саласындағы қойыртпақ еңбектер де назарға ұсынылады. Әдеби сын – көркем шығарманың әділ таразысы. Ендеше, бұл кітап қалың оқырманның қажетіне жарайтыны анық.
Похожие разделы