Зарубежная художественная литература
  • формат pdf
  • размер 2,09 МБ
  • добавлен 09 июля 2012 г.
Хұсрау Әмір Дехлеви. Жұмақтың сегіз бағы
Алматы: Жазушы, 1973. — 134 б.
Үстіміздегі жылы Үндістанның ұлы ақындарының бірі Әмір Хұсрау Дехлевидің туғанына 700 жыл толады. Творчествосы орта ғасырлардағы Шығыста халықаралық әдеби байланыстарды қалыптастыру үшін жемісті роль атқарған Әмір Хұсрауды тәжік және өзбек әдебиетінің корифейлері Жәми мен Науаи өздерінің ұстазы санаған, Әмір Хұсрау шығармаларына революцияға дейін-ақ қазақ ағартушылары, соның ішінде Абай Құнанбаев назар аударған. Әмір Хұсрау өлеңдері орыс тіліне бірнеше рет аударылды, одан кейбір туындылары қазақ тіліне тәржіме етілді. Енді ұлы ақынның «Жұмақтың сегіз бағы» атты поэмасы түпнұсқадан қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отыр. Жас ақын Өтеген Күмісбаев қазақ оқырмандарына дастанның мағынасы мен рухын жеткізумен бірге, Әмір Хұсрау Дехлеви поэзиясының әсемдігін сақтау үшін де көп еңбек сіңірген. Азия және Африка елдері жазушыларының Алматыда өтетін конференциясына орай Әмір Хұсраудың қазақ тілінде жарық көріп отырған поэмасы, сөзсіз, біздің оқырмандарымыздың үнді халқының мәдениеті мен әдебиетін білуге деген ынтасының өсу үстінде екендігіне тағы бір куә бола алады. Әнуар Әлімжанов - Джавахарлал Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Похожие разделы