Зарубежная художественная литература
  • формат doc
  • размер 10.79 КБ
  • добавлен 04 июля 2012 г.
Мопассан Ги. Жалғыздық
Әңгіме, Алматы, 2010 ж., 10 б., Аударма.
Мопассан әдебиетте новеллашы ретінде танылды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді. «Тельеннің үй-жайы», «Мадемуазель Фифи», «Вальдшнеп әңгімелері», «Апалы-сіңлілі Рондоли», «Мисс Гар-риет», «Иветта», «Орля» сынды ғажайып новеллалары бар. Мопассанның алты романы, көптеген әңгіме-новеллалар және мақалалар жинағы жарық көрді. «Өмір» романы арқылы «психологиялық прозаның шебері» атанып, кейін «Сүйіктім», «Монт-Ориоль», «Пьер және Жан», «Өлімдей күшті», «Біздің жүрек» романдарын жазды. Жазушы қоғамдағы рухани құлдырау мен екіжүзділікті («Асыл бұйымдар», «Марапатталған»), сезім суреттерін («Ай нұры», «Бақыт»), махаббат машақаттарын, ар-иманның сауда-саттыққа айналуын («Иветта», «Шыншыл тарих»), өмір тұңғиығына тасталған адамдардың аянышты тағдырын («Қаңғыбас», «Шкаф», «Қайыршы») шығармаларына арқау етті. Адамгершілікті («Симона әкей», «Мартенның қызы»), отаншылдық пен ерлікті, қайсарлықты («Пышка», «Мадемуазель Фифи», «Милон атай») дәріптеді. Мопассанның «Пышка», «Бес әңгіме», «Әңгімелер», «Пьер мен Жан», «Өмір» атты көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған.
Похожие разделы